Баласының еміне қаражат жинап, халықты алдаған ерлі-зайыптыға үкім шықты

Сот шешіміне сәйкес, ерлі-зайыптылар 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баласының еміне қаражат жинау сылтауымен халықты алдаған ерлі-зайыптыға үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Судья Қанат Тобағалиұлы оларды аса ірі көлемдегі алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп тапты. Сот шешіміне сәйкес, ерлі-зайыптылар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел адам кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеуді екі жылдан кейін бастайды. Ал күйеуі сот залында қамауға алынды.

Еске салайық, Тотақановтар отбасы ауыр диагнозы бар ұлы Әлішерге деп әлеуметтік желіде бірнеше парақша ашып, Түркияда емделуге қаржы жинаған. Алайда, тергеу барысында жиналған 1,5млрд теңгенің баланың еміне емес, қымбат дүкендер мен құмар ойындарға жұмсалғаны анықталған болатын.

«Толқын Тотақановаға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ 10 жыл мерзімге қаражат жинаумен байланысты қайырымдылық қызметімен айналысу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленсін. Жазаның орындалуы 2 жылға шегерілсін. Дәулет Тотақановқа 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Оған да қайырымдылықпен айналысуға 10 жылға дейін тыйым салынып, дүние-мүлкі тәркіленсін», – деді судья Қанат Тобағалиұлы.

Оқи отырыңыз: Күйеуінің соққысынан көз жұмған Айзат Жұманованың ісіне қатысты үкім шықты

Новости партнеров