Министрлік тұтыну көлемінің жалпы өсуіне қатысты статистиканы тұрақты жүргізіп отырады
«Уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың энергия тұтынуына айтарлықтай әсер еткен жоқ». Бұл туралы Сенат кулуарында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның сөзінше, министрлік тұтыну көлемінің жалпы өсуіне қатысты статистиканы тұрақты жүргізіп отырады. Былтыр электр энергиясын пайдалану 2024 жылмен салыстырғанда 4 пайыз артқан. Ведомство өкілі өңірлердегі ахуалға тоқталды. Оның дерегінше, ШҚО-да тұтыну көлемі тек 1 пайыз өссе, Қызылорда облысында 6 процентке жеткен. Ал Атырау облысында 13 пайыз көбейген. ¤
«Өсім халықтың тұтыну көлеміне тікелей байланысты емес. Елімізде өнеркәсіп те, бизнес те қарқынды дамып келеді. Ал тұтыну көлемінде 10–12 пайыз халықтың үлесі бар. Сол себепті күрт өсімді көрсететін айтарлықтай динамика байқалмайды», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
Оқи отрыңыз: Балқашта 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті