Балқаштың әуежайы елге қайтқан активтердің есебінен жаңарғаны белгілі болды

Almaty.tv
Almaty.tv

Керек ақшаны мемлекеттік активтерді қайтару басқармасы қайтарған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының Балқаш қаласында заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары аясында әуежайды мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен ауқымды реконструкциялау жобасы аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Жоба Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының мемлекетке қайтарылған активтерді әлеуметтік маңызы барнысандарды салуға және еліміздің өңірлік инфрақұрылымын дамытуға бағыттау жөніндегі бастамасының арқасында жүзеге асты.

«Қарағанды облысы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражатты бөлу аясында Балқаш қаласы әуежайын реконструкциялауды қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Жобаны іске асыру көлік инфрақұрылымы нысанын жаңғыртуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін дамытуға қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік берді», - деп хабарлайды прокуратура.

Оқи отырыңыз: «Медеу» биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады

Новости партнеров