"Балқия" есімімен танылған актриса сүйінші сұрады

04.05.2026 21:58

42 жастағы актриса қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

instagram.com/nurgul.myngatova

"Келінжан" телехикаясы арқылы көрерменге Балқия есімімен танылған Нұргүл Мыңғатова сүйінші сұрады, деп хабарлайды 

42 жастағы актриса қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Аллаға мың шүкір. Қызды болдық. 30.04.26", – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, сәбиге ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырғандардың қатарында бұл жаңалыққа таңданысын жасырмағандар да болды.

Оқи отырыңыз: Жанры жоқ жазбалар: Жанар Оразымбеттің жаңа туындысы оқырманға жол тартты