Жанры жоқ жазбалар: Жанар Оразымбеттің жаңа туындысы оқырманға жол тартты

Тұсаукесерге жиналған зиялы қауым өкілдері мен қаламдас әріптестері кітапты жоғары бағалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Руханият ордасы Ұлттық кітапханада «Шалқар» радиосының 60 жылдығына орай айтулы іс-шара өтті. Белгілі журналист, Ақпарат саласының үздігі Жанар Оразымбеттің «Жанры жоқ жазбалар» атты жаңа туындысы қалың оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кітаптың атауы айтып тұрғандай, автор мұнда қатып қалған қағидадан тыс, еркін ой мен замана тынысын бейнелеуді мақсат еткен. Жинақта автордың әр жылдары қағазға түскен сырлы эсселері мен өткір публицистикалық ой-толғамдары топтастырылған. Тұсаукесерге жиналған зиялы қауым өкілдері мен қаламдас әріптестері туынды мазмұнының тереңдігіне жоғары баға берді. Бұл еңбек – тек жеке естелік емес, бүгінгі қоғамның айнасына айналған, оқырманды парасатты пайымға жетелейтін құнды қазына.

«Негізінде бұл кітапты шығарайын деген ойым жоқ еді. Бұл – менің оқырмандарымның, әріптестерімнің сұрауы бойынша, Сәуле Досжан,  Мағира Қожахметова, Марат Тоқашбаев, Әлия Бөпежанова сынды қаламгер аға-апаларымның айтуы бойынша қабылдаған шешім», – деді туынды авторы Жанар Оразымбет.

Оқи отырыңыз: Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша төленгені белгілі болды

Новости партнеров