Президент банк қызметі мен қаржы нарығын реттеу туралы заңдарға қол қойды

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-жомарт Тоқаев банктер мен банк қызметі туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамыту туралы заңға да қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Новости партнеров