Банктер қазақстандықтардың шетелде жасаған онлайн төлемдеріне қатысты есеп береді

11.11.2025 20:35

Талап Қаржы министрінің жаңа бұйрығымен бекітілген

Depositphotos.com

Еліміздегі банктер қазақстандықтардың шетелдік интернет-дүкендеріне жасаған төлемдері туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне тапсырып отырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талап Қаржы министрінің жаңа бұйрығымен бекітілген. Жаңа тәртіпке сәйкес, банктер мен төлем ұйымдары шетелдік онлайн-платформаларға жіберілген ақшаның жалпы сомасын әр тоқсан сайын ұсынуы тиіс. Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті интернет арқылы ел аумағында қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың тізімін “Smart Data Finance” жүйесінде жариялап отырады.

Ал банктер компанияларға аударылған қаржы туралы есепті келесі айдың 15-іне дейін жолдайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан экономикасы 10 айда 6,5 пайызға өсті