Банктер несиені жабады: қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатыр

25.09.2026 16:39

Қайырымдылық бастамасына еліміздің бизнес өкілдерінен құралған Қазақстан Халық Кеңесінің  17 мүшесі қолдады

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Қайырымдылық бастамасына еліміздің бизнес өкілдерінен құралған Кеңестің 17 мүшесі қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атап айтқанда, Андрей Лаврентьев пен Шахмұрат Мүтәліп қаза тапқан әскери қызметшілердің әрбір отбасына 25 миллион теңгеден аударады. Ал Гаджи Гаджиев отбасыларға 100 миллион теңге, Жұмабек Жанықұлов 50 миллион теңге көлемінде көмек көрсетеді. Сондай-ақ Halyk қоры да марқұмдардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсетіп, әр жанұяға 25 миллион теңгеден бөлмек. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктер қаза тапқан әскери қызметшілердің банк алдындағы барлық берешегін толық өтемек

«Біздің әскери қызметшілеріміздің қаза болуы – ең алдымен үлкен адамзат қасіреті. Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, ал зардап шеккендерге тезірек сауығып, үйлеріне оралуын тілеймін». – деді Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Оқи отырыңыз: Каспийдегі жаттығуда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің есімі жарияланды

Толық көрсету