Каспийдегі жаттығуда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің есімі жарияланды

Almaty.tv
Almaty.tv

Қаза тапқандар – 19 бен 23 жас аралығындағы өрімдей жастар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің ғұмыры үзілді. Қаза тапқандар – 19 бен 23 жас аралығындағы өрімдей жастар.

Трагедия құрбандарының ресми тізімі:

  1. Матрос Мәдіхан Азамат Болатбекұлы, 10.06.2007

  2. Матрос Төлеген Ақылбек Қабенұлы, 11.02.2007

  3. Матрос Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы, 21.03.2006

  4. .Матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы, 18.02.2006

  5. Аға лейтенант Мұхтарұлы Олжас, 09.01.2003

  6. Матрос Темірғалиев Жеңіс Тілеуұлы, 08.05.2005

  7. Матрос Көбенов Алмас Жүсіпұлы, 23.01.2006

  8. Матрос Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, 23.04.2007

  9. Матрос Жаңабай Әсет Саматұлы, 19.09.2006

  10. Матрос Бегей Дастан Нұрболұлы, 03.09.2007

  11. Матрос Диханбаев Олжас Тәжібайұлы, 14.12.2005

  12. Матрос Гилаж Ақжайық Болатбекұлы, 15.09.2006

  13. Матрос Мирас Тұрдыбекұлы, 17.08.2007

  14. Сержант Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы, 02.06.2007

«Алматы» телеарнасының ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей азаматтардың мезгілсіз қазасы – қабырғаны қайыстырар ауыр қайғы. Қыршын кеткен боздақтардың жарқын бейнесі мен есімі ел жадында сақталады. Қара жамылған отбасыларға сабыр мен төзім тілейміз, қайғыларыңызға ортақпыз.

Оқи отырыңыз: Салғырттық танытқан: Бас прокуратура мәлімдеме жасады