Бар мен жоқ: қазақ журналистикасы тағы бір тың туындымен толықты

Ержан Арзықұловтың «Бар мен жоқ» атты кітабы жарық көріп, оқырман назарына ұсынылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ журналистикасы тағы бір тың туындымен толықты. Алматыда Еңбек сіңірген қайраткер, тележурналист Ержан Арзықұловтың «Бар мен жоқ» атты кітабы жарық көріп, оқырман назарына ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әзірге 200 дана тиражбен шыққан еңбек танымал журналист, тележүргізуші Иманбай Жұбайдың шығармашылық жолын баяндайды. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне журналистика саласының өкілдері, ғалымдар мен факультет ұстаздары қатысты.

Айта кетейік, Иманбай Жұбай ширек ғасырдан астам уақыт бойы БАҚ саласында қызмет етіп, барлық лауазымдық сатыдан өткен.

 «Имекеңмен 25-30 жыл бірге қызметтес болдық. Таңшолпанды басқардық. Имекеңнің телевизия саласындағы жеткен жетістіктері, өмірдегі көрген теперіштері, оның арасында сол ғұмырнамалық хамса арқылы телевизиялық даму, тоқырау жылдары, қайта гүлдену кезеңдері баяндалады», деп хабарлайды ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Арзықұлов   

«Кітапты өзім жазам деген ой болған. Бірақ Ержанға бүкіл архивті бердім. Қайта-қайта хабарласып, ақпарат сұрап отырды», – деді Қазақстанның құрметті журналисі, медиаменеджер Иманбай Жұбай.

Айта кетейік, кітаптың атауы да жайдан-жай таңдалмапты. Автор Ержан Арзықұлов атауға Эрнест Хемингуэйдің «Бар мен жоқ» шығармасы түрткі болғанын айтты. Америкалық жазушы бұл туындысында оқиғаны аяқсыз қалдырып, оқырманды өз қорытындысын жасауға итермелейді. Сол секілді бұл еңбек те оқырманға ой салатын, сала мамандары мен жастар үшін құнды дүние болмақ.

 «Бұл – журналистер үшін өте құнды кітап. Журналистика факультетінде оқып жүрген студенттерге керекті ақпарат көп. Иманбай Жұбайдың еңбегі, оның әдіс-тәсілдері, өткен мектебі, тұтас әңгіме болады. Студенттерге де берері көп кітап», – деді әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке.

Оқи отырыңыз: Жастар рухы: Алматыда оқыту семинары өтті

Новости партнеров