Баспадағы жасанды интеллект: Алматыда Франкфурт кітап жәрмеңкесінің аясында семинар өтті

Отандық және шетелдік баспагерлердің басын біріктірген іс-шарада заманауи технологиялардың мүмкіндігі талданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-де "Баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті" тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосу Франкфурт кітап жәрмеңкесінің аясында Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Отандық және шетелдік баспагерлердің басын біріктірген іс-шарада заманауи технологиялардың мүмкіндігі талданып, мамандар өзара тәжірибе алмасты. Жиында "баспадағы жасанды интеллект", "авторлық құқық пен лицензия алу және оны сату", "кітап құқығын басқару платформасы" сынды өзекті мәселелер талқыға салынды.

Еске салайық, Франкфурт кітап жәрмеңкесі жаһандық іс-шара болғандықтан, былтырдың өзінде оған 153 елден 230 мың қатысушы жиналған. Онда әдебиет пен мәдениет саласына қатысты түрлі келіссөз жүргізілген.

"Франкфурт жәрмеңкесін Алматыда 2019 жылы өткізгіміз келген. Пандемия болғандықтан, ұйымдастыра алмадық. Биыл сәті түсті. Іс-шарада жасанды интеллектті баспа ісінде қалай пайдалануға болатынын талқыладық. Бұл салада байланысты жақсарту – біздің басты мақсатымыз", – деді Франкфурт кітап жәрмеңкесінің халықаралық жобалар менеджері Беттина Бек.

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Франкфурт кітап көрмесінің семинары өтіп жатыр. Семинардан баспа ісі мамандығындағы студенттердің де, осы баспагерлерге дәріс беретін оқытушы, профессорлардың да алары мол деп есептеймін. Себебі Германияда кітап басу мәдениеті қалыптасқан, халықаралық кітап көрмесін өткізу дәстүрге айналған", – деді филология ғылымының докторы, профессор Айгүл Рамазан. 

Оқи отырыңыз: 

 

 

Новости партнеров