"Баспана әперемін": Астанада өзгенің 95 млн теңгесін заңсыз иемденген ер адам сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Барлығы 25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада ипотекалық делдал ретінде Instagram арқылы 25 адамды алдаған алаяқ сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, 2021-2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшаларын иемденген 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты.

«Ол «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсыну сылтауымен азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда алған міндеттемелерін орындамай, ақшаны өз қажетіне жұмсаған», - делінген прокуратура хабарламасында.

Барлығы 25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шегіп, келтірілген жалпы залал 95 млн теңгеден асты.

Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының болуын, залалдың бір бөлігін өтегенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Өз жинақтарыңызды сеніп тапсыратын адамдарды, әсіресе интернеттегі ақпаратты мұқият тексеріп, сақ болыңыздар.

Оқи отырыңыз: Жол жүру ережесі: үш күнде 40 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Новости партнеров