Бастау бизнес: биыл Алматыда 600-ден аса көпбалалы ана білім алды

Алматыдағы 32 мың бизнес субъектісін әйелдер басқарып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйелдер арасында кәсіпкерлікке бет бұрғандар көп. Ал бұл саланы дамыту әрі қолдау көрсету жағынан Алматы еліміздегі ірі қалалардың көшін бастап келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл «Бастау бизнес» бағдарламасының аясында 600-ден аса көпбалалы ана оқудан өткен. Оның тең жартысына жуығы мемлекеттік грант иеленіп, ісін ілгерілеткен. Жұмысқа белсене кіріскен аналардың басым бөлігі шағын шеберхана мен студия ашып, наубайхана желісін жандандырып, ғылым-білімге арналған жобаларды дайындап жүр.

«Әйел адамдардың бастаған әр ісі әлеуметтік тұрғыдан қарағанда көпке өте қолайлы келеді. Әрі бастамалары ұзақ жұмыс істейді. Олардың арасында оңалту, оқу орындарын ашу, онлайн сауда түрін дамыту бағыттары өте сұранысқа ие», – деді  қала әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Айгүл Шалбаева.

Алматыда әлеуметтік жобаларға да басымдық беріліп келеді. Бұл істі дамытамын дегендерге нысандарды жеңілдетілген бағамен жалға беру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

Атап өтейік, Алматыдағы 32 мың бизнес субъектісін әйелдер басқарып отыр. Дегенмен қыз-келіншектердің көбі іс бастауға қаражаттың жетпейтінін, цифрлық дағдыларының нашар екенін айтты. Сол себепті, мамандар мәселені реттеп, инфрақұрылымды жақсартып, оқу бағдарламаларын көбейтіп, өтінім беру тәртібін жеңілдетуді көздеп отыр.

 «Көпбалалы аналардың мәселесі 2019 жылы көп көтерілді. Сол кезде Алматыда елдегі алғашқы «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Ғимараттың ішінде көп ана кәсіпкерліктің алғышарттарын үйренді, бизнесті қалай құру керек екенін түсінді. Содан кейін олар «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы алғашқы грантын ала бастады», – деді қалалық мәслихат депутаты Сана Жандай.

Оқи отырыңыз: Алматыда аңызға айналған мұз айдыны жаңғыртылып жатыр

Новости партнеров