Бауыржан Момышұлы – ұлтқа ұлгі тұлға: Алматыда телемост ұйымдастырылды

Жүздесуде Бостандық ауданының 34 мектебі қатысқан патриоттық жоба таныстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды кездесу өтті. №69 жалпы білім беретін мектепте «Бауыржан Момышұлы – тірі аңыз, ұлт үлгісі» атты семинар-телемост ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға әскери қызметкерлер, ардагерлер, мұғалімдер мен оқушылар қатысып, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманының ерлігі мен елге сіңірген еңбегін кеңінен талқылады. Жүздесуде Бостандық ауданының 34 мектебі қатысқан патриоттық жоба таныстырылды. Көпшілік назарына тарихи тұлға туралы тың деректерге негізделген жаңа еңбек ұсынылды.

«Семинарымыздың мақсаты – «Біртұтас тәрбие» аясында өскелең ұрпаққа Бауыржан Момышұлының ерлігін, патриоттық сезімін насихаттау. Былтыр Мәлік Ғабдуллин атамызға арнап республикалық көлемде іс-шара ұйымдастырсақ, биыл Бауыржан Момышұлының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап семинар өткізілгелі отырмыз», – деді № 69 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Айнұр Түктібаева.

Оқи отырыңыз: Мәншүк маршы: сыр өңірінде екі мыңға жуық қыз әскери-патриоттық шеруге қатысты

Новости партнеров