Бектенов: Цифрлық теңге бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсауға жол бермейді

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Қазір айналымда 257,5 млрд цифрлық теңге бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коммуналдық қызмет тарифтері өсе береді. Үкіметте өткен брифингте Премьер-Министр Олжас Бектенов бұл үдеріс тоқтамайтынын, керісінше жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол тарифтердің қымбаттауын қажет шешім деп бағалап, қазіргі қолданыстағы реттеу жүйесі ескі инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік бермейтінін жеткізді. Сондай-ақ, 2022 жылы Екібастұзда, ал 2023 жылы Риддерде болған апаттар  қаржыландырудың жеткіліксіздігінен болған деп пікір білдірді.

 «Егер үйімізде үнемі жылу, жарық, су және басқа да инженерлік желілер дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қаласақ, тарифтерді көтеру жолын таңдауға мәжбүрміз. Бәрін бақылауда ұстаймыз. Тарифтер құны өсе береді», – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Брифинг барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алатынын айтты. Президент тапсырмасына сәйкес, цифрлық теңге бюджеттік үдерістерге кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазір айналымда 257,5 млрд цифрлық теңге бар. Олжас Бектеновтің сөзінше, ол арқылы нақты нысандардың құрылысына бөлінген қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру, сыртқа шығару немесе мақсатсыз жұмсау әрекеттерін көруге болады.

 «Ұлттық қор есебінен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Биыл «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Осы жобаны цифрлық теңге арқылы қаржыландыруды ойлап отымыз. Содан кейін «Орталық-Батыс» автомобиль жолын саламыз, бұл жобаны да қосамыз. Осындай маңызды жобалардан бастау керек, өйткені ол жерде қыруар қаражат игеріліп жатыр. Сол себепті олардың ашық және тек мақсатты түрде жұмсалуына мүдделіміз», – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде

Новости партнеров