Бектенов жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Ведомство мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, киберқауіптерді анықтайтын бірыңғай жүйе әзірлеуі қажет

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Электр самокаттарын пайдалануға қатысты өзгерістерді заңға жедел енгізу қажет». Бүгін Премьер-министр Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген міндеттерін жауаптыларға жақын арада жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігі мәселесі мен көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруды назарға алып, тиісті жұмыстарды күшейту керек екенін айтты. Сондай-ақ жол ережесін қатаң бақылауды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Одан бөлек, ведомство мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, киберқауіптерді анықтайтын бірыңғай жүйе әзірлеуі қажет.

 «Мемлекет басшысы құқық бұзушылық пен заңсыздыққа мүлдем төзбеушілікті ұстана отырып, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрмыстық және көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, халықпен, әсіресе жастармен ақпараттық-тәрбие жұмыстарын жандандыруы қажет», – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Жолдауда айтылған мәселе: Алматыда мәслихат депутаттары электрсамокаттардың қозғалысын қалай реттейді

Новости партнеров