Бельгия королі мен патшайымының сапары: қос елдің жастарына тәжірбие алмасу мүмкіндігі ашылады

Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары аясында Монс университеті отандық алты бірдей білім ордасымен келісім жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Астанадағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ гуманитарлық-заң, Қазақстан-Британ техникалық университеттері бар. Сәйкесінше, алдағы уақытта қос елдің жастарына өзара тәжірбие алмасу мүмкіндігі ашылады.

«Мұндай келісімдер бельгиялық және қазақстандық студенттерге үлкен мүмкіндік береді. Олар шетелде білім алып, жаңа ортаға бейімделіп, өзге мәдениет пен тілді үйренеді. Бұл — дүниетанымды кеңейту жолы. Біз бір-бірімізді жақсырақ танып, халықтар арасындағы байланысты нығайтуымыз керек. Бұдан бөлек, қалалар арасындағы мәдени байланыстарды да дамытқымыз келеді»,  — деді Монс университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Кристин Мишо.

Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыда 5 мыңға жуық жастың құқықтық сауатты артты