Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды
Фото ФБ парақшасынан алынды
"Алматы" телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
48 жасында қазақстандық спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды.
Белгілі журналист - «Qazsport» телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі.
Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.
"Алматы" телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41