ҰБТ басталғалы бері Алматыда 5 мыңнан аса түлек тест тапсырып үлгерді. Мектеп бітірушілер арасында математика-физика, биология-химия, математика-информатика пәндері сұранысқа ие. Қазір шаһардағы екі тестілеу мекемесінде білім сынағы өтіп жатыр. Орталықтарда заң бұзғандар анықталды ма? Талапкер тестке кірместен бұрын нені ескеруі керек? Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Ұлттық тестілеу орталығы филиалының басшысы Жұмабике Сұлтанова жауап береді.
– Жұмабике ханым, биыл қанша оқушы өтініш берді?
«Қазақстан бойынша 216 мыңға жуық тестілеуге қатысуға 2 мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық талапкер өтінішін білдірген. Талапкерлер тапсыратын орнын, күнін таңдай алды.
Алматы қаласы бойынша 33 мыңға жуық талапкер өтінішін білдірген. Оның ішінде 18 297 бала мектеп түлегі болып табылады. Алматы қаласы бойынша екі пункт бар. Калькуляторлар, Менделеев кестесі олар тыйым салынған заттар болып табылады. Бірақ компьютерде интерфейсте орналасқан. Егерде электронды форматта Менделеев кестесін, тұздар ерігіштік кестесін қолдану қолайсыз болса, қағаз форматтағы түрі беріледі».
– ҰБТ форматы биыл өзгерді ме? Түлектер апелляцияны қай кезде бере алады?
«ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. 5 пән, 3 міндетті және 2 бейіндік пән. Қазақстан тарихынан 20 тапсырма, оқу сауаттылығынан 10, математикалық сауаттылықтан 10 тапсырма, екі бейіндік пәннен 40 тапсырма беріледі. Барлығы 120 сұрақ. Максималды балл – 140. Шығармашылық тапсыратындар олар 70 минут, ал бес пән тапсыратындар 40 минут 4 сағат беріледі. Ерекше білім беру қабілетті бар жандарға қосымша 40 минут ескерілген. Егер де тапсырма сұрақтарымен келіспеген жағдайда талапкерлер мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляция бере алады. Фрагмент болмаған жағдайда, диаграмма, карта көрінбеген жағдайда техникалық себеп бойынша тестілеу кезінде бере алады, ал мазмұны бойынша тестілеуді аяқтағаннан кейін талапкер 30 минут ішінде егерде тапсырма нақты құрастырылмаса немесе дұрыс жауабы болмаған жағдайда, дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмеген кезде, апелляцияға тапсырады. Ол 30 күн ішінде қаралады»
Оқи отырыңыз: Алматыда ғалымдардың саны 20 пайызға артты