Берденовтың соты: куәгер тың дерек айтты

15.08.2025 19:03

Күдікті өз әрекетін ішінара мойындады

Әкімдік алдында оққа ұшқан шенеунік Берденовтің соты аяқталуға жақын. Бүгін Шымкентте аталған іске қатысты кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Процессте күдікті Ернар Жиембайдың оқиға болған күні масаң күйде болғаны айтылды. Бұл сараптама қорытындысымен расталып отырған көрінеді. Тыңдалым барысында Руслан Берденовтің денесінен алынған оқтар мен қанға боялған киімдерінің бейнежазбасы да назарға ұсынылған. Ал сотта жауап берген куәгерлер тың деректі бөлісті.

«Ол азамат өз еркімен кетпесе, істі болып» кетеді деді. Соны мен жеткіздім. Оны маған Берденов мырзаның өзі айтты», – деді Құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев.

Құрылыс басқармасының басшысы берген түсініктегі сөзді экс-депутаттың айтқан не айтпағаны белгісіз. Себебі Руслан Берденов бірде-бір сот отырысына қатысқан жоқ. Жәбірленуші тарап мұны оның денсаулық жағдайымен байланыстырып отыр.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде әкімдік алдында атыс болып, қала басшысының орынбасары жараланған. Басты күдікті – «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының бұрынғы басшысы Ернар Жиембай. Бүгінде ол өз әрекетін ішінара мойындады.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында кәріз суын тазалайтын станса неге қолданысқа берілмейді