Бес көлік соқтығысқан: Полиция мал иелеріне қатаң ескерту жасады
Атырау – Астрахань тас жолында төрт түліктің салдарынан жол апаты көбейіп кетті
Атырау – Астрахань тас жолында төрт түліктің салдарынан жол апаты көбейіп кетті. Өткен түнде 5 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қараусыз жолға шығып кететін төрт түлік жүргізушілерге, әсіресе қараңғыда үлкен қауіп төндіріп тұр. Мұндай жағдайда тек көлік бүлінбейді, жолаушылардың өміріне қауіп төнеді. Полиция мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ жүргізушілерге де түнде ерекше мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау қажеттігі ескертілді. ¤
«Соңғы уақытта қараусыз жүрген малдың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі орын алды. Осыған байланысты мал иелерінен төрт түлікті қараусыз қалдырмай, автожолдарға шығып кетуіне жол бермеуді сұраймын. Жол-көлік оқиғалары салдарынан көлік құралдарына материалдық залал келтірілді. Жүргізушілер дене жарақатын алған жоқ. Жүргізушілерге де айтарым, әсіресе түнгі уақытта тас жолдарда барынша мұқият болыңыздар», – деді ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. Әділбек Шахметов.
Оқи отырыңыз: Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі