Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Төле би көшесінің бір бөлігінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыған байланысты 16 қазанға дейін Әшімов көшесінен Нұрпейісов көшесіне дейінгі аралықта екі бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жолаушыларлаү уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талабын сақтауды және балама бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және жұмыс барысына әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілген шектеу туралы толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS қосымшаларында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Алматыда Пушкин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі