Бес жүк көлігі жанып кетті: шығын мөлшері есептеліп жатыр

Жалынды сөндіруге 14 қызметкер мен 4 техника, сондай-ақ тергеу жұмыстарына 5 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында бес жүк көлігінің түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған апат 9 тамызда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолындағы автотұрақта болған. Өртенген көліктердің үшеуінде жүктің болмағаны анықталды. Ал өзге екеуіндегі шығын мөлшері әлі де зерттеліп жатыр.

Айта кетейік, тілсіз жаудан опат болғандар жоқ.

«Ордабасы ауданындағы республикалық маңызы бар тасжолдың 33-ші шақырымында жүк көліктері өртке оранды. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге 14 қызметкер мен 4 техника, сондай-ақ тергеу жұмыстарына 5 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды», –  деді Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Психикалық ауруы бар жөсөспірімді зорлаған күдікті елге жеткізілді

Новости партнеров