Психикалық ауруы бар жөсөспірімді зорлаған күдікті елге жеткізілді

Қаскүнем жымысқы әрекетін былтыр қарашада Қостанай облысында іске асырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәмелетке толмаған жасөспірімге жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Қаскүнем жымысқы әрекетін былтыр қарашада Қостанай облысында іске асырған. Ақпараттарға сай, күдікті жәбірленушінің ата-анасымен достық қарым-қатынаста болыпты. Жасөспірімнің жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер ада жалғыз қалғанда қыз балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған.

 «Өткен жылы ол Ресейде Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған іс-әрекеті үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Абай облысын сумен қамтуға жұмсалуда

Новости партнеров