Күдікті көп ұзамай ұсталды
Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауданында егде жастағы әйел зейнеткерді тонап кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 55 жастағы әйел 62 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, оның бетіне сірке суын шашып жіберген. Осы сәтті пайдаланып, күдікті үйдегі барлық әшекей бұйымдарды алып кеткен.
Үй иесі сұйықтықтан арылуға тырысып жатқанда, әйел оқиға орнынан қашып үлгерген.
Күдікті көп ұзамай ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жәбірленушіге дәрігерлер көмек көрсетіп, үйіне шығарылған. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында екі апта бұрын жоғалған жігіт өлі табылды