Қарағандыда көлік жүргізушісі бағдаршамға соғылып, қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қайғылы оқиға 1 қарашада кешкі уақытта болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда Range Rover көлігінің жүргізушісі бағдаршамға соғылып, қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға 1 қарашада кешкі уақытта болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Сәкен Сейфуллин мен Крылов көшелерінің қиылысында жоғары жылдамдықпен келе жатқан Range Rover көлігі жолдан шығып кетіп, бағдаршам бағанына соғылған.

Болжам бойынша, жол тайғақ болғандықтан жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол шетінен шығып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, бағдаршам құлап, көлікке айтарлықтай зақым келген», – делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 23:45 шамасында болған. Бірнеше минуттан кейін сағат 23:56-да оқиға орнына жедел жәрдем, ал сағат 00:00-де полиция қызметі жеткен.

50 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды. Рөлдегі ер адам көлікте жалғыз болған, оның жеке басы анықталып жатыр.  

Қазіргі уақытта полиция оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу бастап, жол апатының нақты мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Бетіне сірке суын шашқан: Атырау облысында егде жастағы әйел зейнеткерді тонап кеткен

Новости партнеров