Үш балалы әйелдің кіші ұлы ДЦП-пен және эпилепсиямен ауырады
Қара бетперде киіп, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген жұмбақ жігіт үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға пәтер сыйлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Астана іргесінде үш баласымен пәтер жалдап, такси болып күн көретін ананың кіші ұлы сал ауруына шалдыққан және эпилепсиямен ауырады. 8 жастағы бала өздігінен жүре алмайды, сөйлемейді. Пәтер жалдау ақысы мен тамақтан артылған ақшасына анасы баласын оңалту курстарына, массажға апарып тұруға тырысатынын айтады.
"Мен ұлыммен бірге таксилетіп ақша табуға мәжбүрмін. Қала сыртында пәтер жалдап тұрамыз, жедел жәрдемнің келуіне көп уақыт кететіндіктен 7 жылға несиеге көлік сатып алдым. Бұлай такси жүргізушісі болғым келмейді, мұндай өмір тіпті, ер адамдарға да қиын. Әбден шаршадым. Кейде өмір сүргім келмей кетеді", - дейді әйел.
Қайырымды жігіт әдеттегідей бұл жолы да кейіпкеріне көл-көсір қуаныш сыйлады.
"Бұл ақшаға балаң екеуіңіз емделуге барасыз, қалаған ісіңізді ашасыз, автокөліктің несиесін төлейсіз. Және одан басқа... үйлі болдыңыз", – деген қайырымды азамат әйелге баспана кілті мен конверт толы ақшаны ұстатты.
Оқи отырыңыз: Миллиардер аукционда 6,2 млн долларға сатылған бананды жеп қойды