Қорғаныс министрлігі әскерилердің кешенді жаттығулары өтетінін ескертті

Фото: unsplash.com (Filip Andrejevic)
Фото: unsplash.com (Filip Andrejevic)

Қарулы күштердің әскери бөлімдері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға желтоқсан айының басында әскерилердің кешенді тактикалық-саптық сабақтары мен жаттығулары өтетінін ескертті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органы, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады. Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі.

Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылатын болады", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін.

"Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Астанада жүк көлігінің жанармай багы жарылып, үш адам зардап шекті

Новости партнеров