Заң мен тәртіп: Алматыда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 13 пайызға азайды

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 3 күнде заңды өкілдерінсіз көше кезген 27 жасөспірім есепке қойылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп  хабарлады Almaty.tv.

Бақылаусыз жүрген жеткіншектер 26-28 қараша аралығында өткен жедел профилактикалық іс-шара аясында анықталған. Сондай-ақ рейд жұмыстары кезінде перзентінің тәрбиесіне көңіл бөлмеген 23 ата-ана да есепке алынған. Науқанның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында қылмыстың жолын кесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу.

"Түнгі уақытта заңды өкілсіз тұрғын үйден тыс жерде жүретін жасөспірімдерді анықтап, оларды заңды өкілдеріне бердік. Алькогольдік ішімдіктерді пайдалануды алдын алу іс-шарасын өткізіп, сондай фактілерді анықтап, шара қолдандық. Есепте тұратын жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру жұмыстарын өткізіп, профилактикалық әңгіме өткіздік", – деді Полиция Департаменті ЖПҚ басқармасының аға инспекторы Венера Сисенова.

Айта кетейік, биыл 7 жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылған. Нәтижесінде 418 жасөспірім мен 559 әлеуметтік аз қамтылған отбасы есепке алынған.

Оқи отырыңыз: Зәкиева: Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу керек

Новости партнеров