Қауіпсіздік – басты назарда: «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы медициналық бақылаумен өтеді

29.09.2025 17:47

Стадион аумағына бес жедел жәрдем бригадасы қойылды

Алматыда футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч барысында тәулік бойы медициналық бақылау ұйымдастырылады. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы мақсатта стадион аумағына бес жедел жәрдем бригадасы қойылып, әрқайсысы кез келген жағдайға жедел іс-әрекетке дайын тұрады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, медициналық құрам ірі спорттық және бұқаралық іс-шараларда тәжірибесі мол жоғары білікті мамандардан жасақталған. Бригадалар трибуна маңында және кіреберіс жақта орналасып, ұйымдастырушылармен және қауіпсіздік қызметімен тұрақты байланыста болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық шара жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл матч қонақтарының Алматыдағы осынау жарқын әрі көптен күткен спорттық оқиғаны алаңсыз тамашалауына мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Хави Алонсе баптайтын жігіттер Алматыдағы алғашқы жаттығуын қашан өткізеді