Тәуелсіздіктің алғышарты – Тәуелсіздік декларациясы мен Конституциясы, Елтаңба мен Әнұранның қабылданғанына куә болу – жүрегімдегі мәңгілік мақтаныш". Мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов тарихты еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
1990-1993 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты қызметінде болған Биғали Әбдікерұлы – ел егемендігі айқындалған сәттің куәгері. Ұзақ жылдар партия және мемлекеттік басқару саласында елеулі еңбек еткен азамат өткенге көз жүгіртті.
"1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы кеңестің сессиясында Қазақстан Егеменді ел болып аталды. Сол кездегі 360 депутаттың қатысып, декларация қабылданды. Сол күннен бастап, өз жерімізді белгілеп, шекараны, рәміздерді басқа да республикаға маңызды құжаттарды қабылдай бастадық", – деді мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов.
Оқи отырыңыз: Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты