Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.✔️

Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын.✔️

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Новости партнеров