BIKEN FEST ІІІ: Жетісуда театр фестивалі өтті

17.09.2025 16:05

Биыл Бикен Римова атындағы драма театрға 50 жыл толды

Жетісу жерінде дүбірлі той! Биыл Бикен Римова атындағы драма театрға 50 жыл толды. Өнер ордасының мерейтойында сахна шымылдығы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» премьерасымен ашылып, «BIKEN FEST ІІІ» театр фестивалімен жалғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен белгілі өнер қайраткерлері қатысты. Ал Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Грузиядан, сондай-ақ Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан келген театр ұжымдары сахналық қойылым ұсынып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

«Бикен апамыз – халыққа адал еңбек еткен ұлы азамат. Ол – Әуезов театрының іргетасын қалаушылардың бірі. Бикеннің атындағы театр – сол кісіге деген зор құрмет. Биыл үшінші рет театр фестиваль өтіп жатыр, өте жақсы!» – деді  КСРО Халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов.

Оқи отырыңыз: Бибісара Асаубаева әлемдік шахмат тарихында сенсация жасады