Әбілахат Еспаев -100: Алматыда «Ғасыр үні» атты еске алу кеші өтті

02.12.2025 15:30

Кеште жас дарындар композитордың шығармаларын орындады

Алматыда ұлы композитор Әбілахат Еспаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр үні» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара барысында қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан дара тұлғаның өмірі мен өнерінен сыр шертетін сирек фотосуреттер көрме ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ кеште жас дарындар композитордың шығармаларын орындап, көзін көргендер жүрекжарды естеліктерін бөлісті.

«Бүгінгі таңда 145 тұлға бар. Ғалым, ақындар, мәдениет қайраткерлерінің жылдығына қарап іс-шаралар өткізіп жатамыз. Биыл Қазақстанымыздың түкпір түкпірінде Әбілахат Еспаевтың 100 жылдығы өттіп жатыр», – деді Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің жеке тұлғалар құжаттарын жинақтау бөлімінің басшысы Әйгерім Еркінқызы.

Оқи отырыңыз: MYSYRLYQ TANYM: Ұлттық банк жаңа монеталар шығарады