Білім бөліміндегі былық: Түркістан облысында 46 азаматқа қатысты үкім шықты

Олар жылдар бойы бюджет қаражатын туыстары мен таныстарының атына заңсыз аударып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында мемлекет қаржысын жымқырған 46 азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісай аудандық білім бөлімінде қызмет еткен лауазым иелері мен есепшілер жылдар бойы бюджет қаражатын туыстары мен таныстарының атына заңсыз аударып келген. Олар ел қазынасына 4 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Айта кету керек, сотта басты айыпталушылар қылмысын мойындаған жоқ. Десе де, олардың кінәсі дәлелденіп, 9 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бірінің кәмелетке толмаған балалары болғандықтан жаза 5 жылға кейінге қалдырылды.

«Сот 46 азаматқа үкім шығарды. Он екі адамға 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, қалған 34 сотталушы түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 800 млн теңге мемлекетке қайтарылды. Айта кетейік, сотталушылардың арасында жаза мерзімі кейінге қалдырылғандар да бар», – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Түркістан облысындағы білім бөлімдерінде осыған дейін де жаппай қаржы жымқыру деректері анықталған. Өңірдің 8 ауданында 165 қызметкердің 12 млрд теңгені қалтасына басқаны мәлім болған. Бүгінде сот шешімімен Сауран, Созақ, Келес, Сарыағаш аудандарында бірнеше адам сотталды.

Оқи отырыңыз: Жолаушылар жолдан қалды: Маңғыстау облысында 70-тен аса жүргізуші жұмысқа шығудан бас тартты

Новости партнеров