Білім саласындағы былық: жасанды интеллект бюджеттің ақшасын қалай үнемдеп жатыр

14.10.2025 16:03

Бұл туралы Үкіметте Қаржы министрі мәлімдеді

Жасанды интеллект білім беру саласындағы қылмыстың алдын алып, бюджеттің қыруар ақшасын үнемдеп қалған. Бұл туралы Үкіметте Қаржы министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәди Такиевтің сөзінше, нейрожелінің көмегімен былтыр 307 миллиард теңгеге, ал биыл 132 миллиард теңге көлеміндегі қаржылық заңбұзушылықтар анықталған. Мәселен, кейбір аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлеріне бір айда 65 миллион теңге ақша төленсе, енді бірінде тіпті 10 миллион теңгеден көп сыйақы берілген көрінеді. Тағы бір жағдайда бір ғана банк шоты немесе жеке сәйкестендіру нөмірі қолданылып, әртүрлі адамдардың аты-жөнімен ай сайын 66 төлем жасалған.

«Мониторинг жүйесі кеңейтіліп келеді. Ол тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамтыды. Бұл жерде мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлеріне бюджет шығыстарын мақсатына сай пайдаланып, үлкен жауапкершілікпен қарау керек екенін атап өтемін», – деді ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Оқи отырыңыз: Таразда қос әкімдік қызметкері сотталды