Бір аптаның ішінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

Инновациялық саясатқа қатысты функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бір аптаның ішінде жасақталады. Президенттің жарлығы күшіне еніп, қазір келісім жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сенат кулуарында Цифрлық даму вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, жаңа ведомство қазіргі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің базасында құрылады. Ал кейбір функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі.

«Жақын арада жарлық қабылданып, жаңа министрлік құрылады. Инновациялық саясатқа қатысты функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңартылған құрылым ретінде бір министрмен басқарылатын болады», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.

Оқи отырыңыз: 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті

Новости партнеров