Бір ел – бір кітап: биыл ел бойынша оқылатын роман анықталды

Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі

Республикалық акциясы 2007 жылы ұлы Абайдың қара сөздерін оқудан басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының комиссия отырысы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер мен кітапхана басшылары қатысты.
Комиссия отырысында 2025 жылғы акция қорытындыланып, 2026 жылы ел бойынша оқылатын кітап анықталды. Жабық дауыс беру нәтижесінде көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалды.
Сонымен қатар, қатысушыларға кітапхана әзірлеген мета-көрме ұсынылды, ол заманауи форматта акцияның мазмұнын бейнелейді.
Айта кетейік, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылы ұлы Абайдың қара сөздерін оқудан басталды. Осы уақытқа дейін 53 классик ақын-жазушының туындылары кеңінен таныстырылып, елімізде 100 мыңнан астам мәдени-ағартушылық іс-шара өтті.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-дағы көрсеткішті жақсарту үшін не істеу қажет - маман кеңесі

Новости партнеров