ҰБТ-дағы көрсеткішті жақсарту үшін не істеу қажет - маман кеңесі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңтар айындағы ҰБТ-ны Алматының 5,5 мыңнан аса оқушысы тапсырып үлгерген. Олардың 52 пайызы тапсырмаларды – қазақ тілінде, 48 проценті орыс тілінде, 12 адам болса, ағылшын тілінде орындаған. Бірінші аптадағы нәтижеге сай, талапкерлердің 64 пайызы шекті балл жинапты. Елдегі көрсеткішке келер болсақ, қазірге дейін тестке 90 мыңнан аса адам қатысқан. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.

Атап өтейік, ҰБТ форматы биыл да өзгеріссіз қалады және қаңтардағы тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. Ал жауапты сәтте қандай қателіктерді жібермеу керек, көрсеткішті жақсарту үшін не істеу қажет деген сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы білім беру орталығының сарапшысы Рахат Бағдатов жауап береді.

«Қаңтар ҰБТ – оқушылардың бағын сынайтын ең алғашқы ресми тесттердің бірі. Сол себепті, бұл жерде оқушылардың жіберетін қателіктері бірдей. Білімнің аздығынан емес, керісінше дайындықта тактикаларды дұрыс пайдаланбауы себеп. 

Біріншіден, уақыттың жетіспеушілігі, оқушылар ҰБТ 11 жылдық білімді сынайтын болғаннан кейін «соңғы 2-3 айда бәрін үйреніп аламыз» деп ойлайды. Бірақ ол – үлкен қателік, 2-3 айда көп нәтиже бере бермейді. Сол үшін біз неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым жақсы мүмкіндік, жақсы бағыттар ашылады. Осыған байланысты 9-10 сыныптарға мектептерде түрлі олимпиада, түрлі байқау тесттер болады. Солардың барлығына қатысып, білімін шыңдай бергені дұрыс. 

Екіншіден, қателік – тек нұсқа талдай беру. Яғни, тестілеуге дайындала береді. Ол тек жаттанды білімді ғана тексереді.  Өз қателігімізді білмейтін болсақ, яғни, қай жерден қате кетіп жатыр, жұмыс жасамайтын болсақ, прогресс бермейді. Сол себепті, зерттеуіміз бойынша тек тестпен жұмыс істей берсеңіз, 5-7 баллдық қана прогресс береді. 

Үшіншіден, көп жіберетін қателік уақытты дұрыс пайдаланбау, яғни ҰБТ-ға дейін, ҰБТ-дан кейін немесе ҰБТ уақытында оқушылар уақытты дұрыс пайдаланбайды. Олар «ағай негізі жақсы дайындалдық, бірақ қиын сұрақтарға көп уақытымызды бердік те, соңынан оп-оңай сұрақтарға келгенде, уақытымыз жетпей қалды, фокусымыз бөлініп кетті» деп жатады. Сол үшін осындай бір қателіктер жіберуі мүмкін». 

– Ал оқушылар көрсеткішін жақсарта түсу үшін не істеуі керек? Қандай кеңес айтасыз?

«Мамыр ҰБТ-ға дейін 20-30 балл прогресс жасау үшін не істеу керек, оны енді қадам-қадаммен айтып беретін болсақ, ең бірінші, қаңтардағы ҰБТ керемет диагностика. Яғни, ол сізге қай тұсыңыз әлсіз болып тұр, қай тұсыңызды білмейсіз, қай теорияны қайталау керек, көрсетіп береді. 

Ең біріншіден, сол – қатемен жұмыс. 

Екіншіден, тақырып бойынша, 4 айға жоспар құрып алыңыз. Әр айға бөлек-бөлек, миыңызға да дайындалу жеңіл болады.

Үшіншіден, қай есеп қиын, қай сұрақ қиын деген сұрақтар туындайды. Мен математикалық сауаттылықтың эксперті болғаннан кейін, бізде белігілі бір тақырып қиын деген нәрсе жоқ. Әр оқушыға әр түрлі тақырып қиын болуы мүмкін. Біреу геометриядан қиналуы мүмкін. Біреу мәтіннен қиналуы мүмкін, біреу жалпы теңдеу құрай алмай қалуы мүмкін. Әркімге әр түрлі есептер әр түрлі тақырыптар қиын, бірақ оны жақсартудың жолы қорықпай өз өзіңізбен бетпе-бет келіп, сол тақырыпты қайтадан басынан бастау. Яғни, сіз жақсы нәтиже көрсету үшін қанша рет басынан бастауға дайынсыз?  Сол сұрақты өзіңізге қойыңыз. Неге, оқушы сол жерді тастап кетеді, бірақ соңында сол сұрақ алдынан шығады. Сол үшін ешқандай тақырыпты тастап кетпей, соңына дейін дайындалғаныңыз дұрыс. 

Төртіншіден, қайта-қайта дайындалып жатырмыз, бірақ оны бір жерге барып, сынап көрмесек ол мотивация да бермейді, қаншалықты прогресс жасап жатқаныңызды білмей қаласыз, сол себепті сынақ тесттерін де қайталап, сол жерде өтіп отырғаныңыз дұрыс. Сондықтан қаңтардағы ҰБТ – керемет мүмкіндік. Оны бір сәтсіздік деп қарастырмаңыздар, ол сіздердің ҰБТ жолыңыздағы маңызды бір бөлік, сол үшін ешқандай уайымдамаңыздар. Қаңтардағы ҰБТ арқылы нағыз ҰБТ-ға дейін керемет прогресс жасай аласың, ең бастысы оқы, біл, көр де қателес, дым уайымдама»

Оқи отырыңыз: 96 адам жәбірленуші деп танылды: Алматыда балалар продюсеріне қатысты істің алғашқы отырысы өтті

Новости партнеров