Тексеріс кезінде 8 мекенжай анықталды
Шымкентте аядай ғана бір пәтерде 20-дан астам адам тіркеліп келген. Тексеріс кезінде осындай 8 мекенжай анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оларда 360 азаматтың тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Бұл үйлердің үшеуі жатақхана болып шықты. Ал қалған пәтерлердегі заңсыз тіркелгендердің бәрі есептен шығарылып, меншік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Қалада мұндай былықтың барын әкімдік өкілдері де жоққа шығармады.
«Балабақша қосымша білім беру бойынша ваучерлік жүйеге көшкеннен кейін өзге өңірлерде, Түркістан облысында тұратын адамдар келіп, бір пәтерге көптеп тіркеліп жатыр. Ол пәтердің көлемі 40-50 шаршы метр. Ол жерде 20-дан астам адам тіркелген. Бұл – мүмкін емес жағдай. Тұрғындардың назарын аударғымыз келеді, заңмен қарастырылатынын ескертеміз», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
Оқи отырыңыз: Қарағанды көшесінен мәйіт табылды