Қарағанды көшесінен мәйіт табылды

Іске қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды көшесінен мәйіт табылды. Әйел адамның денесі қаладағы мектептердің бірінің жанында жатқан. Қазір аумақ қоршауға алынды. Полиция қызметкерлері жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдарының дерегінше, марқұм 46 жаста. Қазір өлімнің нақты себебі анықталып жатыр. Ал іске қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды полиция қызметкерлерімен. 36 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында үй өртеніп, 6 адам қаза болды

Новости партнеров