Бір жігіт «ат» деп айқайлады: сот отырысында куәгерлердің бірі мәлімдеме жасады

05.05.2025 14:09

«Шерзат пен ағасы жүгіріп кеткен кезде бір жігіт «ат» деп айқайлады». Талдықорғанда өтіп жатқан бүгінгі сот отырысында куәгерлердің бірі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты оқиға орнында көрген деректерін бөліскен.

Айта кетейік, бүгінгі процесс те куәлерден жауап алудан басталды. Отырыстың бірінші бөлімінде 3 азамат білгенін айтып, нұсқасын жеткізді. Сұрақ қою түстен кейін де жалғасады.

«Шерзат алға қарай жүгіріп кетті. Одан кейін ағасы да сол жаққа қарай жүгірді. Қателесуім де мүмкін, бірақ сол кезде дүкеннің қасында тұрған жігіт «ат» деп айқайлады. Кейіннен баланың анасы мен басқа да жігіттер жүгіріп кетті. Анасы «балам» деп айқайлап, қорғаштай бастады. Жерде жатқан Шерзатты ұрып жатқандарын да көрдім», – деді куәгер Наргиза Низамединова.

Еске салайық, сотталушылардың туыстары шу шығарды

Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды

Дана Жақсыгелді сотталушылардың қолынан пышақ пен мылтық көргенін айтты

Нұрбекованың тергеу кезіндегі жауаптары талқыланды

Қаржаубай Нұрымов оқиғаның қалай басталғанын айтты

Шерзаттың анасы оқиғанын қалай болғанын айтты 

Судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты

Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.

Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді

2024 жылы 4 қазанда төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болды.

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

2024 жылдың желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.

Биыл ақпанда Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған