Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 252 сағат уақытын ұшақта өткізді

30.12.2025 09:31

Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram арнасында жазды

Ақорда

Бір жыл ішінде Президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүріп, 252 сағат уақытын ұшақта өткізген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram арнасында жазды.

"Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 рет жұмыс сапарымен барды", – деп жазды Руслан Желдібай.

Оқи отырыңыз: 2025 жыл қорытындысы: Президент бастамаларының нақты нәтижелері