Бірі - жыртқыш, екіншісі - жемтік: жабайы табиғаттың ерекше сәті фототұзаққа түсті

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Бір суат басында бүркіт пен қарақұйрықтар қатар кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы табиғаттың ерекше сәті фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Бір суат басында бүркіт пен қарақұйрықтар қатар кездесті. Табиғатта олардың жолы түйіссе, бірі — жыртқыш, екіншісі — ықтимал жемтік. Алайда бұл жолы бәрі басқаша болды. Кадрда бүркіт пен қарақұйрықтар бір-біріне жақын болғанына қарамастан, ерекше алаңдаушылық танытпай, сабырлы күйде көрінеді.
Бүркіт қарақұйрықтың жас төлдеріне шабуыл жасай алатын жыртқыш болса, қарақұйрықтар әдетте одан сақ жүреді. Сондықтан Алтын-Емел табиғатындағы олардың бір суат басында осылай қатар болуы — назар аударарлық көрініс.
Мұндай мінез-құлыққа аптап ыстық пен суға деген қажеттілік әсер етуі мүмкін. Жаздың ыстығында суаттар жабайы жануарлар үшін аса маңызды орынға айналады. Кей сәтте шөлді қандыру қажеттілігі қалыпты сақтықтан да басым түсуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Шымкентте шілдеде 111 жыл бұрын тіркелген рекорд жаңарды