Бірқатар жоғары лауазымға жаңа басшылар тағайындалды

Ақорда
Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Ал Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мәди Такиев ҚР Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Нұрлан Сауранбаев ҚР Көлік министрі лауазымына тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды",  - делінген Ақорда хабарламасында.

Тиісті Жарлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Ал Әділет министрлігінің басшысы болып Ерлан Сәрсембаев тағайындалды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды