Бірлік күні: Қазақстан халқының саны мен этникалық құрамы қандай

Ақорда
Ақорда

Қазақстан халқының бірлігі күні - татулық пен достықтың мерекесі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл мейрам – түрлі ұлт пен этнос өкілдерін біріктіретін, бейбітшілік пен өзара сыйластықты дәріптейтін ерекше күн, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде Қазақстанда 20,5 миллионнан астам адам өмір сүреді. Олардың барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті тіршілік етіп, ел дамуына өз үлесін қосып келеді.

2026 жылғы 1 наурыздағы мәліметке сәйкес, ел халқының жалпы саны 20 532 240 адамға жеткен.

Жыл басындағы деректер бойынша, Қазақстандағы ең көп санды ұлттар тізімі мынадай:

  • Қазақтар – 14 664 202
  • Орыстар – 2 943 022
  • Өзбектер – 695 557
  • Украиндар – 367 547
  • Ұйғырлар – 309 164
  • Немістер – 222 890
  • Татарлар – 218 361
  • Әзірбайжандар – 157 568
  • Кәрістер – 120 821
  • Түріктер – 93 234
  • Дүнгендер – 88 165
  • Беларустар – 73 788
  • Тәжіктер – 61 307
  • Күрдтер – 52 077
  • Қырғыздар – 41 459

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның көпұлтты ел екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқан қоғамда бірлік пен келісім – басты құндылықтардың бірі.

Қазақстан халқының бірлігі күні – тек мереке ғана емес, ел ішіндегі тұрақтылық пен ынтымақтың символы.

Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

Новости партнеров