Бұл талап партиялық тізім бойынша сайланған депутаттар үшін сәл басқаша жұмыс істемек
Мәслихат депутаттары сайлаушылар алдында есеп беруге міндеттелуі мүмкін. Бірақ бірмандатты округтен сайланған депутаттар мен партиялық тізім бойынша сайланған депутаттардың есеп беру тәртібінде айырмашылық бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын әріптестеріне таныстырған Екатерина Смышляева осы тәртіптің талаптарын түсіндірді.
- Мәслихат депутаттары өз сайлаушыларының алдында жарты жылда бір рет есеп беріп отыру керек деген ұсыныстар болды. Біз заң жобасын әзірлеуші топ ретінде бұл ұсынысты толықтай қолдаймыз. Егер депутат бірмандатты округ бойынша сайланған болса, жарты жылда бір рет сайлаушыларға есеп беруге міндетті болу керек, - деді ол.
Бұл талап партиялық тізім бойынша сайланған депутаттар үшін сәл басқаша жұмыс істемек.
- Ал партиялық тізім бойынша сайланған депутаттарға келсек, әр партия өзінің жарғысына, ішкі құжаттарына сәйкес депутат сайлаушыларға қалай есеп беретінін өздері айқындайды. Ол фракция немесе бюро алдындағы есеп болуы мүмкін. Яғни, кулуар форматын таңдай алады. Қаласа, жария форматты да таңдауына болады. Яғни, есеп берудің регламентін партиялар деңгейінде шешілу керек деп ойлаймын, - деді Екатерина Смышляева.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды