Биыл Алматыда 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Әділет Жаңабаевтың айтуынша, жыл соңына дейін кемінде 87,2 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды. Олардың 15 мыңға жуығы тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған. Бұл туралы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әділет Жаңабаевтың айтуынша, жыл соңына дейін кемінде 87,2 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 1 мың 700-ден аса жас кәсіпкер «Бастау бизнес» жобасы аясында қолдау тауып, 3 мыңнан аса азамат кәсіби оқудан өтіпті. 17 мыңнан көп мектеп оқушысы мен студентке, жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағдар берілген. Бұл бағдарлама арқылы білімін жетілдіріп жүргендерге мемлекет ай сайын 43 мың 574 теңге көлемінде шәкіртақы немесе 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде еңбекақы төлейді. Кейін оқуды аяқтаған азаматтарды жұмыс беруші кемінде 6 айға жұмысқа алуы тиіс. Осылайша, табысты жүзеге асқан бастамалардың нәтижесінде қалада жұмыссыздық деңгейі 4,6-дан 4,5 %-ға дейін түскен. Орталық директоры екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға кәсіби дағдысын тегін растауына да мүмкіндік жасалғанын айтты. Ол үшін ваучерлік жүйе енгізілген.

 «Бір реттік ваучер азаматқа кәсіби біліктілігін растап, жұмыс тәжірибесі мен дағдысын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жұмысқа орналасуды жеңілдетеді. Ваучерлік кәсіби біліктілікті тану орталықтары арқылы беріледі және ол тегін. Аталған қызмет түрін алу үшін азамат «жұмыссыз» деген мәртебесі арқылы Career Enbek платформасында онлайн өтініш беруі қажет», – деді Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Әділет Жаңабаев.

Оқи отырыңыз: Сыбайлас-жемқорлықпен күрес: Алматы әкімі мәселені жеке бақылауына алды

Новости партнеров