Биыл Алматыда 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Осы жылдың бірінші тоқсанында 9 мыңнан аса адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Осы жылдың бірінші тоқсанында 9 мыңнан аса адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қалалық Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Әділет Жаңабаев осындай ресми деректерін бөлісті. Айтуынша, орталыққа 23 мыңға тарта адам екі қолға бір күрек іздеп хабарласқан. Оның 18 мың 700-і жұмыссыз мәртебесін алыпты. Белсенді жұмыспен қамту жағына 9100 адам тартылып, 8 мыңға жуығы тұрақты және субсидияланатын жұмысқа орналастырылған. Одан бөлек, кәсіпкерлікті қолдауға да көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет ісін бастау үшін 1 млн 730 мың теңге қайтарымсыз гранттар ұсынады.

«Олар әлеуметтік осал топқа жататын азаматқа бизнес-идеясын жүзеге асырып, өндірісті жолға қойып, тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді», –  дейді Әділет Жаңабаев.

 Биыл осындай 380 грант беру жоспарланған екен.

«Қазірдің өзінде 2 820 жұмыс орны құрылды, оның 99,2%-ы тұрақты. Жалпы жыл соңына дейін кемінде 51 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, оның 45,3 мыңы тұрақты болады. Бұл – қаланың еңбек нарығын тұрақты дамытудағы негізгі көрсеткіш.  «Жастар практикасы» бағдарламасы да жалғасып жатыр. Бағдарламаға соңғы бес жыл ішінде оқуын аяқтаған 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады», – деді¤ Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Әділет Жаңабаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларға бірегей операциялар жасалды

Новости партнеров