Биыл қандай шағынаудандар су құбыры және кәріз желілеріне қосылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халық санының артуы мен қаланың кеңеюі инженерлік инфрақұрылымға түсетін жүктемені күшейтіп отыр. Әсіресе, жеке сектор мен шеткі аудандарда ауызсу мен кәріз жүйесіне қатысты мәселелер өте өзекті. Осыған байланысты «Алматы Су» мекемесі бірқатар желіні балансына қабылдап, жүйені бір орталықтан басқаруды қолға алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл қадам тозған желілерді жаңғыртып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Қазір қалада жаңа су құбырларын тарту мен кәріз жүйесін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.

Осы ауқымды жұмыстар ірі мегаполистің инфрақұрылым мәселесін толық шешуге қаншалықты мүмкіндік береді?

Бұл сұрақтың жауабын студия қонағы «Алматы Су» мекемесінің департамент директоры Серік Шағыровтан білсек.

Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.

Новости партнеров